Жұмыс беруші еңбек дауын туындатқан жұмысшыларды қай жағдайда сотқа бере алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыс берушілер еңбек дауын туындатқан жұмысшылардың әрекетін заңсыз деп тапса, сотқа бере алады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов осы процедураның тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек дауларын шешу жолдары Еңбек кодексінде толық айқындалған. Жұмысшылар жұмыс берушіге қоятын талаптарын ереуілге шықпастан бір апта бұрын жазбаша хабарлауы керек. Оны жұмыс беруші 3 күннің ішінде қарап жауап береді. Ал егер сол 3 күннің ішінде жұмыс беруші мәселені өз деңгейінде шеше алмайтын болса, мекеменің ішінде бітімгерлік комиссиясы құрылады. Ол комиссия мәселенің бәрін 7 күннің ішінде қарап бітіруі керек. Комиссияның ішінде де даудың түйіні тарқатылмаса, төрелік сотқа береді. Мәселе осылайша төрелік комиссияда қаралады», - деген Бас мемлекеттік еңбек инспекторы аталған процедура сақталамаса, наразылық акциясына шыққандар жұмыс берушінің алдында жазықты болып қалуы мүмкін екенін ескертті.

«Кейде жұмысшылар осы тәртіпті сақтамай, бірінші күннен бастап ешқандай жазбаша арызсыз қарлылық акциясына шығып жатады. Бұл кезде жұмыс берушінің оларды сотқа беруге құқығы бар. Яғни мәселе жергілікті соттар деңгейінде қаралып, ақ-қарасы анықталады. Биыл еңбек дауларының көбі Маңғыстау облысында болды ғой. Сол жағдайлардың ішінде бір мекеме ғана сотқа осындай арыз түсірді. Сот жұмысшылардың қарсылық акциясын заңсыз деп таныды. Бірақ жұмысшылар өз жағдайларын түсініп, екі тарап бітімге келді», - деді Төлеген Оспанқұлов


Соңғы жаңалықтар