Жаңқош Тұраров тәжірибелі британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Профи-рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17КО) кезекті жекпе-жегінің датасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасындағы мәліметке сәйкес, 30 жастағы Ж.Тұраров кезекті айқасын 12 наурыз күні Дубайда (БАӘ) өткізеді. Оның қарсыласы – 30 жастағы тәжірибелі боксшы, британдық Тайрон Маккенна (21-2-1, 6КО). Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Ж.Тұраров соңғы рет рингке Нұр-Сұлтандағы кеште шыққан болатын. Ол аргентиналық Мауро Максимилиано Годояны (32-6-1, 17КО) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионы атағын жеңіп алды.



Соңғы жаңалықтар