Теміртауда көршілердің арасында жанжал шығып, мылтық атылды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау қаласында көршілердің арасында жанжал шығып, олардың бірі мылтық атқан. Абырой болғанда қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанжал 8 мамыр сағат 20:42 шамасында Теміртау қаласындағы 8-ші шағынауданының ауласында болған. Ұрыс аулада ойнап жүрген балалардың төбелесінен туған. Оларды ажырату үшін үйлерінен әкелері шыққан. Алайда, өзара келісе алмаған ересектердің арасында да жанжал туындаған.

«Мән-жайды анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі 32 жастағы қарсыласын бетінен ұрғаны, содан кейін соңғысы үйден мылтық алып, екі рет одан ауаға оқ атып, қашып кеткені анықталды. Атыс кезінде зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жасырынған адамды ұстау үшін облыстың ішкі істер органдарының жеке құрамы бағытталған. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар