Татарстанда шағын ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Татар-Информ - ҚазАқпарат – Татарстан республикасында ұшақ апатынан екі адам қазақ тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Tatar Inform ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Татарстан бойынша төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі жеңіл моторлы «Ермак» ұшағының апатқа ұшырағанын растады.

Оқиға сағат 12.54-те Альметьев ауданы Калейкино ауылының жанындағы тас жолға жақын жерде болған. Ұшақ тасжолға сәтсіз қонып, салдарынан екі адам көз жұмған.

«Өрттің алдын алу үшін өрт сөндірушілер көбік шашып, құтқарушылар қаза болғандардың денелерін ұшақтап алып шығарды», – деп жазады ТЖМ баспасөз қызметі.

Апаттың себебі әзірге белгісіз.

Ресми ақпаратта Альметьев ауданы прокурорының бірінші орынбасары Марсель Гимаевтың оқиға орнына шыққаны хабарланды.

«Істі Камск көлік прокуратурасы қадағалап отыр. Бұл бөлімнің қызметкерлері де оқиға орнына шықты. Мән-жайлар анықталуда», - деді Татарстан Республикасы прокурорының аға көмекшісі Руслан Галиев.

Прокуратураның мәліметінше, оқиға салдарынан ер адам (ұшқыш) мен әйел жолаушы қаза тапқан.

Ұшақ Альметьев аэроклубына тиесілі болып шықты. Оның иесі Бугульма елді мекенінің 51 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Ресейдің тергеу комитеті оиғаның алғашқы ықтимал себебін атады.

Көліктегі тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Дмитрий Захаровтың айтуынша, ұшақ аталмыш аэродромға жөндеу үшін әкелінген деген дерек бар.

«Оның міндетіне ұшу-қону жолағында ұшақтың жердегі жүрісін тексеру ғана кірген. Ал ол әуеге өз бетімен, рұқсатсыз көтерілген. Салдарынан сәтсіз қонып, қайғылы жағдай тіркелді», – деді Дмитрий Захаров.


Соңғы жаңалықтар