ШҚО-да заңсыз аң аулаған 20 адам жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында заңсыз аң аулаған 20 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір бойынша 20 қазаннан бастап «Браконьер» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде. Мұндағы мақсат – браконьерлікті, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу.

«Шараның екі күнінде 37 рейд өткізілді. Соның нәтижесінде, табиғат қорғау заңнамасында 33 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде аң аулау ережелерін бұзғаны үшін – 20, балық аулау ережелерін сақтамағаны үшін – 13 адам жауапқа тартылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес 2 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Айта кетейік, «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы 19 қарашаға дейін жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар