Полицейлер биіктен секірмек болған жігітті қалай құтқарғаны туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық полицейлер биіктен секірмек болған адамды қалай құтқарғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Дүкен қызметкеріне ғашық болған 21 жастағы жігіт қыздан «жоқ» деген жауап алған соң ғимараттың төбесіне шығып, құлап өлмек болған.

«Кешке сағат 8-дер шамасында ер адам шатырдан секірмек болып жатыр деген хабар келді. Оқиға орнына келсек, адамдар көп жиналып қалыпты. Сондықтан, біз еш ойланбастан батыл әрекет ету үшін, екі жақтан төбеге көтерілді», – деді қалалық патрульдік полиция полкінің инспекторы Абылайхан Оқас.

Ал тағы бір полицей Әділбек Өтеұлы: «Менің әріптестерім баспалдақпен кетті, мен жарнама тақтасы арқылы көтеріле бастадым. Секірмек болған адам менен алыс емес еді», – деді.

«Осы уақытта мен баспалдаққа жүгіріп барып, жоғарыға көтерілдім. Алдымен мен ер адамның назарын аудартып, бұлай жасамауын өтіне бастадым. Бірақ мен жақындаған сайын жігіт одан әрі секіруге әрекет жасай бастады. Сол сәтте шығыс жақтан келген әріптесім оны ұстап алып, шатырға қайта тартты», – деді Алматы қалалық ПД қызметкері Ақберген Төлегенов.


Соңғы жаңалықтар