Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына жаңа директор тағайындалды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Нұрмұқан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының директоры қызметіне Гүлсина Мерғалиева тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гүлсина Бақытжанқызы 1975 жылы 20 ақпанда Ресейдің Самара облысы дүниеге келген.

1995-2000 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «драма режиссері» мамандығы бойынша Маман Байсеркенов шеберханасында білім алған.

Шығармашылық жолын Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық драма театрында қоюшы режиссер қызметінен бастаған.

2002 жылы арнайы шақырумен Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрына көркемдік жетекші әрі бас режиссер қызметіне тағайындалып, содан бері осында үздіксіз еңбек етіп келеді. Театр ірге тасын қалаушылардың бірі.

2004 жылы қаңтар айында «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты.

2006 жылы «азақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді.

2017 жылы «Нұрмұхан Жантөрин» атындағы алтын төс белгісінің иегері.

Мерғалиева еңбек еткен жылдар ішінде өзінің ұйымдастырушылық іскерлігімен, жемісті шығармашылық қызметімен танылды. Ол көптеген республикалық, халықаралық деңгейдегі әртүрлі фестивальдар мен конкурстарға белсенді түрде қатысып, лауреат, дипломат, жеңімпазы атанды.


Соңғы жаңалықтар