Қостанай облысында 443 бала коронавирустан емделіп жатыр
Қостанай облысында соңғы аптада эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай нашарлаған.
Өткен тәулікте өңірде COVID-19-дың 128 жағдайы тіркелген, ауырғандар саны тәулігіне 0,36%-ға өскен.
Коронавирус жұқтырғандардың 111-інде ауру белгілері болған, 17-і симптом болмаған.
Қостанай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова коронавирус инфекциясымен күресу үшін облыста 1 955 инфекциялық және карантиндік төсек-орын әзірленген.
«Соның ішінде 1665 инфекциялық төсек-орын бар. Онда қазір 638 науқас жатыр. 300 карантиндік төсек-орында қазір 21 науқас (жүктемесі 7%) жатыр. Соңғы тәулікте облыста 128 адам коронавирус жұқтырған», - деді ол.
Ведомство ауру жұқтырғандар арасында балалар мен жүкті әйелдер санының өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірді.
«Қазіргі уақытта бізде 443 бала коронавирус инфекциясына шалдыққан, соның ішінде 8-і стационарда, қалғаны амбулаторлық е қабылдап жатыр. Сондай-ақ, КВИ жұқтырған 53 жүкті әйел тіркелді, оның үшеуі қазір жансақтау бөлімінде», - деді А. Бексұлтанова.
Облыста барлығы 325 278 адам немесе тұрғындардың 64,4%-ы вакцина алған. Соның ішінде 301 660 адам немесе 59,7%-ы екінші дозаны салдырған.