Қазгидромет: Мамырдың 9-ы күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстаның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорны таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысында және шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел секундына 15-20 мтер жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с болады.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Соңғы жаңалықтар