Қазақстанда балаларды міндетті вакциналау туралы бұйрыққа қол қойылды - фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды COVID-19 қарсы міндетті вакцинация туралы бұйрыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарап жатыр. Бұл - жалған, деп мәлім етті Stopfake.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 12 жастан асқан барлық балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинацияға міндеттейтін бұйрық туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның ресми өкілі мұндай бұйрық жоқ екенін мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта вакцинаның қажетті көлемін есептеу, суық тізбекті қамтамасыз ету жүргізілді (Pfizer вакцинасы үшін ультра төмен температуралық режимді сақтау қажет -минус 60 -90 градус Цельсий). Жасөспірімдерді егуге арналған вакцинаны алудың болжалды уақыты – биыл қарашаның екінші онкүндігінде. Аталған топтарға жататын тұлғаларды вакцинациялау олардың ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін, жасөспірімдерді – тек ата-аналардың немесе ресми өкілдердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылатынын атап өткеніміз жөн, – деп хабарлады Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов халықты коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасымен егу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіткен болатын.

Бірінші кезеңде препарат 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдерге және 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге егіледі.


Соңғы жаңалықтар