БҚО-да жоғалған зейнеткер өзге ауылдағы қызының үйінен табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жоғалған зейнеткер екі сағаттан кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бөрлі ауданында болды.

69 жастағы ер адам Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылындағы үйінен 30 қараша күні сағат 16.00 шамасында шығып кеткен. Содан 1 желтоқсан күні сағат 10.30-ға дейін оралмаған.

Жасына байланысты есте сақтау қабілеті нашар зейнеткерді полицейлер хабар түскен уақыттан екі сағаттан кейін тапты. Оның Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылындағы қызының үйіне барғаны анықталды. Қазіргі таңда ол Жымпитыда.


Соңғы жаңалықтар