Автотізбек және Мәңгілік алауға гүл қою: Алматыда Жеңіс күні қалай аталып өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 9 мамырда Алматыда 28 батыр панфиловшы атындағы саябақта Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 76 жылдығына орай Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға Десанттық-шабуылдау әскерін басқарушы генерал-майор Қуаныш Әбубәкіров, Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметкерлері, ҚР Қарулы Күштері және Ауған соғысы ардагерлері қатысты.

Гүл шоқтары қойылғаннан кейін автожүріс ұйымдастырылды. Біреуінде Кеңес Одағы Батыры Иван Панфиловтың немересі Байқадамова Алуа Бақытжанқызы отырған 5 көліктен құралған автотізбек Алматы көшелерін жүріп өтті.

Автотізбек көрермендерін концерттік бағдарлама күтті.

Автотізбек мегаполис тұрғындарын Екінші дүниежүзі соғысы ардагерлерінің портреттері мен соғыс кезіндегі музыкамен қуантты.

Автожүріс 28 гвардиялық панфиловшы саябағында аяқталды.

Салтанатты шаралар барлық гарнизонда өтті.

Алматыда қазіргі таңда Екінші дүниежүзі соғысының 125 ардагері тұрады.

Еске алу шарасы 28 панфиловшы саябағындағы Мәңгілік алау алдында өтті.


Соңғы жаңалықтар