Алматыда Назарбаев мектебінің 3 оқушысы коронавирус жұқтырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда физика-математикалық бағытта білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқитын үш оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, бұл жағдайлар 12-сынып арасындағы алғашқы емтиханнан кейін анықталған.

«Ауырып қалған оқушылар әртүрлі сыныптан. Олар 4-6 мамыр аралығында мектеп бітіру сынағын офлайн тапсырған. Алдағы 11, 13, 17 мамыр күндері тағы бірнеше емтихан өтеді деп жоспарланған. Дегенмен, осы жағдайға байланысты мектепте сынақ өткізу мәселесі толық шешілмей отыр» деп атап өтті сандәрігер.

Оның сөзіне сенсек, Назарбаев зияткерлік мектебінде ауырған балалармен байланыста болғандар - 8 мұғалім және 35 оқушы. Олар ПТР тест тапсырды, нәтижесі әлі шыққан жоқ.

Үш сынып карантинге жабылған. Мектепте дезинфекция жұмысы жүргізілген.


Соңғы жаңалықтар