Алматыда қойма отқа оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір қабатты қойма өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 мамыр 18:33 кезінде құтқару қызметіне хабар келіп түскен.

Департаменттің күш-құралдары шұғыл Жетісу ауданы Солтүстік айналма жолы, 87 мекенжайында орналасқан қоймаға аттанды.

Өрт сөндірушілер сағат 18:41 шамасында оқиға орнына келіп жеткенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатты.

Тез арада іске кіріскен құтқарушылар 25 литрлік 1 газ баллонын қоймадан алып шықты.

«Өрт сөндіретін автопойыздың көмегімен қызыл жалынның жайылуына жол берілмеді. Тілсіз жау 46 минутта ауыздықталды. Қабылданған шаралардың арқасында қойманың басым бөлігі өртенбей, аман қалды» делінген ТЖД хабарламасында.

Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 54 адам және 21 техника жұмылдырылған.



Соңғы жаңалықтар