Алматы полицейлері соғыс ардагеріне әскери әндерді орындап берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 9 мамыр таңы 97 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қамбар Қасенов үшін қызықты өтті: оның пәтерінің терезесінің астында Алматы қаласы полициясының ансамблі ән шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қамбар Әмірұлы – шындық пен әділеттілік үшін айқасқан күрескер, Екінші дүниежүзілік соғыста көптеген қиян-кескі ұрыстарға қатысқан. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, Қамбар аға соғыстан кейінгі жылдары да азаматтар тыныштығының сақшысы болуға шешім қабылдаған. Бүгін, осындай маңызды мереке күні, біз ардагерге нағыз мейрам ұйымдастырдық. ПД Ансамблінің әртістері әскери әндерді орындады. Концерт ойдағыдай өтті: ақсақал жастарға бата берді, көп қабатты үй тұрғындары жанды дауыста айтылған композицияларды қуана тыңдады», - деп қорытты Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Әбдуәлі Нашарбеков.

Ертерек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.


Соңғы жаңалықтар