23 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 23 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

99 жыл бұрын (1922-1943) Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Жиенғалиқызы МӘМЕТОВА дүниеге келген.

Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан) Орда ауданындағы Жасқұс ауылында туған. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүктің балалық шағы Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өтті. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мектепті бітіріп, медициналық рабфакта, Алматы медициналық институтында оқыды.

1942 ж. тамызда өз еркімен сұранып, Қызыл Армия қатарына алынды. Алғашында штаб песірі, кейіннен дала госпиталінде медбике болды. Институтта оқып жүргенде мергендікке үйренген Мәншүк бос кезінде «Максим» пулеметінің құрылысын зерттеді. Өзі сұранып, атқыштар дивизиясына қосылып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 жылғы 15 қазанда Калинин майданының әскерлері құрамында Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Денесі Невель қаласына жерленді. Батыр қызға қаза тапқаннан кейін, 1944 жылғы 1 наурызда СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы МАМИН дүниеге келді.

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002), «Инком-Астана» ЖШС бас директоры (2002-2003), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі (2003-2004), Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006), Астана қаласының әкімі (2006-2008). 2008 - 2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары (2016-2019) қызметтерін атқарды.

1998 жылы - «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы - «Құрмет» орденімен, 2011 жылы - екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы - Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы - Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі орденімен марапатталған. 2011 жылы - Астана қаласының Құрметті азаматы, 2012 жылы - Құрметті теміржолшы, 2013 жылы - Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.

35 жыл бұрын (1986) Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Есет Берікұлы БАЙКЕН дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Қаз МЗУ Гуманитарлық заң колледжін (2005); Қазақ гуманитарлық заң университетін (2008); Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2010) бітірген.

Еңбек жолы: «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а. (2008-2009); «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы (2009); «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы (2010); «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы (2010); Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы (2010-2013); Астана қаласы әкімінің бас инспекторы (2013); Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (2013-2016); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы (2016-2017); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2017-2019); Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі (2019); Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Аппарат басшысының орынбасары (2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың қазан айында кірісті.




Соңғы жаңалықтар