22 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 қазан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.00-де Ұлттық ғылыми онкология орталығында Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабарлау күніне арналған ашық есік күні өтеді.

11.00-де Sheraton Nursultan қонақүйінде оффлайн және онлайн форматта «Жасыл кеңсе» үшінші республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

11.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы дөңгелек үстел өткізеді.

11.30-да Ботаникалық бақ аумағында жүрек донорларына арналған «Сый» инсталляциясының ресми ашылуы өтеді. Инсталляцияның авторы – қазақстандық мүсінші Эдуард Казарян.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов. Көрсетілім сілтемелері: Youtube , Facebook .

15.30-да «NURORDA» мектеп-лицейінде «Интеллектуалды дарынды жастар – елордалық білім берудің басты әлеуеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жабылу салтанаты өтеді.

18.30-да «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» және «Локомотив» клубтары арасындағы хоккей матчы аясында БҰҰ Даму Бағдарламасының «Қар барысын сақтайық!» экологиялық акциясы өтеді.

19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақконцерттің «Astana Musical» мемлекеттік театры көрермендерге жаңа форматтағы «COVID-19» хореографиялық қойылымын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар